Балық қанаты - балықтың суда тіршілік етуге бейімділігін арттыратын жүзу органы. Балықтың арқы, құйрық және құйрықастындағы қанаттары дара, ал көкіректік және құрсақ қанаттары жұп болады. Жұп қанаттар суда жоғары көріліп төмен түсу, дара қанаттардан - құйрық қанаты жүзу, басқалары денені бір қалыпта ұстау қызметін атқарады. Жүзу қанаты омыртқасыз жануарлардар бауыраяқтылар және бас аяқты моллюскілерде, қыл иекті құрттарда, ал омыртқалылардан дөңгелекауыздыларда, кейбір қосмекенділерде (құйрықты қос мекенділердің ересектерінде және суда тіршілік ететін личинкаларының көбінде, сондай-ақ, құйрықсыз қос мекенділердің личинкаларында) және сүткөректілерде (киттәрізділер мен сиреньдерде) болады[1].

Галерея

Дереккөздер

  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том
Балықтың арқа қанаты
Балақ қанаттарының орналасуы, Hector's lanternfish

(1) көкіректік қанаты,
(2) құрсақ қанаты,
(3) арқа қанаты,
(4) май қанат,
(5) құйрық астындағы қанаты,
(6) құйрық қанаты

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.